Майло — тезірек көкжал қасқыр болуды армандап жүрген бөлтірік. Мақсаты сиқырлы жолмен орындала қоймаған соң, ол үйірдегі басқа қасқырлар сияқты күн сайын көп жаттығу қажет екенін түсінеді. Мықты болғысы келсе, өзгеруі керек қой. Жақын достары Майлоға бұл сынақтың оңайға соқпасын біліп, көмекке келеді. Сонау биікке секіретін, алысқа жүгіре алатын, әрі епті, әрі күшті, айлакер де шапшаң қасқыр болып өсу үшін Майло көп жұмыс істеді, ақырында ұлыған дауысы таулардың арғы жағына дейін жаңғырып естілетін болды. Өлеңмен өріліп, көркем суреттермен безендірілген бұл таңғажайып оқиға мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған.
Тип обложки:
Твёрдый переплёт