Он бес жасында неміс концлагерінде қаза тапқан Анна Франктің Амстердамда отбасымен бірге бас сауғалап жүріп жазған күнделігі бүкіл әлемге әйгілі болды. Әуел баста, 1944 жылғы көктемге дейін, ол күнделігін тек өзіне арнап жазып жүрген. Сол көктемде «Оранье» (эмиграциядағы Нидерланд үкіметінің Лондоннан хабар тарататын радио- станциясы) радиосынан Нидерланд Үкіметінің білім министрі Болкенстейннің сөйлеген сөзін тыңдайды. Министр неміс басқыншылығы кезінде Нидерланд халқы көрген қиянат-азаптың бүкіл айғақ-дәлелі жинақталып, жариялануға тиіс дейді. Басқа да көптеген дәлел арасында хаттар мен күнделіктер де аталады. Осы сөздің әсерімен Анна соғыс аяқталған соң Күнделігіне сүйеніп кітап жазамын деп ұйғарады. Ол алдымен күнделігін тазалап көшіріп, толықтырып, түзетіп, өзіне аса қызық көрінбеген кей тұсын өшіріп, кей тұсын есінде қалған оқиғаларға сүйене отырып қайта жазып қосқан. Сонымен қатар бұрынғы күнделігін де тоқтатпаған. 1986 жылы шыққан ғылыми басылымда ол «А» нұсқасы, ал толықтырылған екінші күнделік «Б» нұсқасы деп аталған. Аннаның ақырғы жазбасы 1 тамызда жазылыпты. 1944 жылғы 4 тамызда жасырынып жүрген сегіз адам Жасыл полицияның қолына түскен....
Тип обложки:
Твёрдый переплёт