Зообақ – ұяшықты интерактивті кітап!
-Ұяшықтарды ашып, тығылып қалған жануарларды табыңыздар!
-Жапырақтың артында не жасырынып тұр екен? Ал су астында тығылып жатқан не?
-Арыстан ақырып, хамелеон түсін өзгертіп, сусиыр аузын қатты ашып жатыр!
Кітап беттерін парақтап, жапырақтардың, шөптің, су мен ағаштың ар жағына үңіліп, жасырынып жатқан жануарларды іздеп тауып, құпияларын біліп алыңыздар!
Энциклопедиялық мәліметтері кітапты қызық қана емес, танымдық кітап етеді – балалар арыстанның неліктен тәулігіне 20 сағат ұйықтайтынын, хамелеон өз қорегін қалай аулайтынын, пілге тұмсық не үшін керек екенін және басқа да қызық мағлұматтарды біліп шығады!
Жарқын, анықтап қарай бергің келетін иллюстрациялар өзіңді сол жерде жүргендей сезінуге себеп болып, кітап оқу процесін қызғылықты ете түседі! Кітаптың пішімі қолайлы әрі қауіпсіз, беттері қалың, көлемі балаға ұстауға ыңғайлы.