Қазіргі кезде жас ата-аналарды, ата-әжелерді сәбидің ақыл-ойын дүниеге келе салысымен дамытуға бола ма деген сұрақ мазалайды. Бұл өте орынды әрі маңызды сұрақ! Баланы расында да шыр етіп жерге түскен минутынан тәрбиелеп, жан-жақты дамытуымыз керек. Нәресте үшін әр күн жаңа дүниенің ғажайып бір есігін ашқанмен тең. Сондықтан да біз жауапкершілігі мол, ізденімпаз ата-аналар үшін баланы туғаннан 3 жасқа дейінгі аралықта дамытуға көмек беретін, тақырыптық сөздермен таныстыратын карточкаларымызды дайындадық. Бұл карточкалар баланың дүнетанымын арттырады, сөздік қорын байытады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, қоршаған ортамен таныстырады, логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.
Қолыңыздағы «Жануарлар әлемі» деп аталатын карточкаларымыз 0–3 жастағы сәбиге кейбір жануарлармен, құстармен, судағы тіршілік иелерімен таныстырып қана қоймай, олардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетін түсіндіреді. Ойнай отырып, ойлауға жетелейді.
Осы карточкаларымызды балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері де өз керегіне жаратып, жан-жануарларға қатысты сабақ жүргізу барысында пайдалана алады.