Білуге ұмтылу – қоршаған ортаның, әлемдегі бізге беймәлім құбылыстардың құпия сырларын ашуға талпыну деген сөз. Жан-жақты болуға құштарлық әрбір адамның бойынан табылады. Әсіресе, балалардың көп нәрсені білмекке ынта-жігері шексіз. Осы орайда өзіміз өмір сүріп отырған әлемді танып-білгісі келетін ынтызар балалардың білуге деген құштарлығын қанағаттандыру мақсатымен «Аруна» баспасы «Қызықты деректер» топтамасын ұсынып отыр.
Сан саланы қамтитын бұл топтамаға енген кітаптардан жеткіншектер көкейіндегі көптеген сұрақтарына жауап табады деген үміттеміз. Қолдарыңыздағы энциклопедия теңізді мекендеушілер мен бауырымен жорғалаушылардың тұрмыс-тіршілігімен таныстырады, яғни олар жайында қызықты деректер береді.
Бұл топтамаға ең таңдаулы, танымал халық ертегілерінің жинақтары кіреді. Ондағы әдемі суреттер баланың ертегі кейіпкерлерін танып, сезініп, мазмұнын терең түсінуіне мүмкіндік береді. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытады. Бабаларымыздың тұрмысымен, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерімен таныстырады. Мұқабасы қатты, көркем суреттермен безендірілген бұл жинақтар кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, сондай-ақ ересектерге, ұстаздар мен балабақша тәрбиешілеріне де арналады. Ертегі жинақтары қазақ және орыс тілдерінде шығарылып отыр.
Не секрет, что любовь к чтению начинается со сказок. Ребенок сопереживает отважным героям, которые побеждают зло в отчаянной схватке. Малыши становятся участниками удивительных приключений, а чтение превращается в волшебство. Красочно оформленные книги с казахскими народными сказками – замечательный подарок для читателей разных возрастов. В книгах серии бережно собраны самые любимые сказки, которыми зачитывается не одно поколение юных читателей.