«Бүгін бізде мереке!» — бүлдіршіндерге арналған интерактив кітапша.
Мейірім мен шаттыққа толы бұл кітапша кішкентай оқырмандарды сүйікті кейіпкерлермен бірге көңілді мерекеге шақырады! Кітаптың іші көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын қызықты оқиға мен қайта-қайта қарағысы келетін жарқын иллюстрацияларға толы.
Кітаптың басты ерекшелігі — бала жай ғана тыңдаушы емес, хикаяның бір бөлігі бола алуы. Кітапты оқи отырып кейіпкерлермен бірге әрекеттесіп, оларға көмектеседі және ойын түріндегі тапсырмаларды орындайды. Мұндай формат баланы бірден баурап, кітап оқуды қызықты ойынға айналдырады.
Кітапша баланың тілін дамытып, зейіні мен қиялын ұштайды. Ал қалың картон беттері кішкентай қолға ұстауға өте ыңғайлы. Бала өздігінен оқуына немесе ата-анасымен бірге оқып, уақыт өткізуіне арналған кітапша.
Ерекшеліктері:
-Кітап оқу барысында кейіпкерлермен бірге әрекеттеседі
-Қалың картон беттері бар
-Мерекелік көңіл-күй сыйлайтын жарқын иллюстрациялар
-Баланың тілін дамытып, зейіні мен қиялын ұштайды
-Қарапайым әрі түсінікті тапсырмалар
-Кішкентай қолға ұстауға ыңғайлы пішім
«Бүгін бізде мереке» кітапшасы — кітап оқуды қызықты ойынға айналдыратын көңілді хикая!
Производитель:
Dongguan Yuntang paper products Co