Аса көрнекті қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың қай шығармасына үңілсеңіз де, адам болсам деген үлкен арманы, асқар таудай биік мақсат-мұраты бар, балғын кейіпкерлердің тағдыр талқысында талай қиыншылықты бастан кешсе де, есейіп ержеткен, шыңдалып қалыптасқан қайсарлығына тәнті боламыз.
Ұсынылып отырған «Балалық шаққа саяхат» атты хикаятта жетім баланың жетілу жолы, мінез-құлқының қалыптасуы, арман-тілегі суреттелген.