«Мамық атты балапан. Алғашқы шытырман»
Тоқ-тоқ! Мамық атты кішкентай балапан жарық дүние есігін ашыпты, ал анасы қайда екен?
Ол анасын біраз тосып отырды да, алғашқы шытырманына – отбасын іздеуге аттанды!
Үйректердің арасынан анасын жолықтырар ма екен?
Оның анасы – мысық шығар, бәлкім?
Әлде бақа ма?
Мамық әр балақайдың өз ата-анасы бар екенін, бірақ ең жақындарыңа – өз отбасыңа жүрегің жетелеп әкелетінін түсінеді!
Жанға жылылық сыйлайтын өлең жолдары, жарқын суреттер мен жүректі елжірететін оқиға бұл кітапты балақайлардың сүйікті кітабы етеді!
Бұл кітапты сатып алуға 10 себеп:
1. Алғашқы шытырман – бала осы кітапты оқып, дүниені тани бастайды.
2. Жеңіл ұйқасты тақпақтар баланың тілін дамытып, ақпаратты есту арқылы қабылдау қабілетін дамытуға көмектеседі.
3. Үлкен әрі жарқын иллюстрациялар баланың назарын аударып, кітап оқуды қызықтырар процеске айналдырады.
4. Отбасылық құндылықтарды бағалауды үйретеді – анасы әрқашан баласының қасында болатынын көрсетеді.
5. Қызықтырар саяхат – балақай Мамықпен бірге әртүрлі жерлер мен кейіпкерлерді зерттейді.
6. Оқуды енді бастап жүрген балаларға тамаша кітап, себебі бұл кітаптың мазмұны мен сюжеті жеңіл әрі түсінікті.
7. Кітаптың беттері қалың, пішімі ыңғайлы – тіпті ең кішкентай балақайларға да қауіпсіз.
8. Желісі елтіп әкететін оқиға – бүлдіршін Мамықтың сөзі мен ісін мұқият бақылайды.
9. Алты айдан үш жасқа дейінгі балаларға арналған бұл кітап – бүлдіршіннің ерекше жақсы көретін алғашқы кітабына айналады.
10. Керемет сыйлық – жүрек жылытатын жақсы хикая.