«Ұрсысып қалсақ, қайтпек керек?» – «Балалар өсіп келеді. Әртүрлі жағдайлар» сериясындағы танымдық кітап. Ол балаларға ренжіскен немесе ұрысып қалған кезде өз сезімдерін түсінуге, бір-бірін тыңдауға және татуласудың маңызын ұғынуға көмектеседі. Қызықты оқиға мен жарқын иллюстрациялар арқылы бала жанжалдың себептерін түсініп, қиын жағдайларды бейбіт жолмен шешуді үйренеді.
Кітап ата-аналармен бірге эмоциялар, достық, кешірім сұрау және өзара сыйластық туралы әңгімелесуге мүмкіндік береді. Бірге оқу баланың эмоционалдық интеллектін дамытып, дұрыс қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырады.
Ерекшеліктері:
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған түсінікті әрі жеңіл мәтін;
- режісіп қалған жағдайда дұрыс шешуге үйретеді;
- жарқын әрі тартымды иллюстрациялар;
- өмірлік жағдайларға негізделген қызықты оқиға;
сапалы қағаз және берік мұқаба;
ата-анамен бірге оқуға өте қолайлы.
- эмоционалдық интеллектіні;
қарым-қатынас мәдениетін;
жанашырлық пен сыйластық сезімін;
- өз эмоцияларын түсіну және басқару қабілетін;
сөйлеу тілін, зейінін және қиялын дамытады.
«Ұрсысып қалсақ, қайтпек керек?» – балаға ренжісіп қалған жағдайдарды дұрыс шешуге, өзгелердің сезімін құрметтеуге және кез келген жағдайда достық қарым-қатынасты сақтауға көмектесетін пайдалы кітап.