«Тілашар. Еліктеуіш сөздер» кітабы – тілі шыға бастаған балаға таптырмас кітап, қызық та көңілді ойын!
Ол – балақайлардың тілін оңай дамытып, сөз үйрену процесін пайдалы әрі қызық ету үшін арнайы жасалған.
КІТАПТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
✅ 14 көңілді де пайдалы қос тармақтарты тақпақтар – жеңіл әрі қызық ұйқастар балаға дыбыстар мен сөздерді тезірек меңгеруге көмектеседі.
✅ Еліктеуіш сөздер – сөз жаттап, тіл дамытуға таптырмас құрал.
✅ Жануарлар мен балаға таныс заттардың суреттері – балақай өзіне таныс бейнелерді тез танып, оларды мәтінмен байланыстыруды үйренеді.
✅ Пішімі ыңғайлы – кітапты серуенге, жолға шыққанда немесе қонаққа барғанда алып жүруге өте қолайлы.
✅ Мұқабасы қатты – берік әрі ұзақ мерзімге шыдамды, көп қолдануға жарамды.
КІТАПТЫҢ ПАЙДАСЫ НЕДЕ?
Тіл дамытады – дыбысқа еліктеу ойындары алғашқы сөздерді дұрыс айтуға көмектеседі.
Жадын жақсартады – ұйқасын жаттап, сөздерді қайталау арқылы бала жаңа ақпаратты тез меңгереді.
Ассоциация қалыптастырады – жануарлар мен заттардың суреттері дыбыстарды нақты объектілермен байланыстыруға көмектеседі.
Есту қабілетін жетілдіреді – бала әртүрлі дыбыстарға еліктеп, сөз ырғағын ажыратуды үйренеді.
Қауіпсіз және ұзаққа жарамды – сапалы, экологиялық таза материалдан жасалған.
АТА-АНАЛАР БҰЛ КІТАПТЫ НЕГЕ ТАҢДАЙДЫ?
✔ Ерте жастан пайдалануға болады.
✔ Кез келген жерде оқуға және жаттығуға ыңғайлы.
✔ Баланың кітап оқығанын қызық та көңілді процеске айналдырады.
✔ Баланың тілі толық шыққанша сенімді көмекші болады.