«Ұялғанда қайтпек керек?» – «Балалар өсіп келеді. Әртүрлі жағдайлар» сериясындағы танымдық кітап. Ол балаға ұялу, қысылу сияқты сезімдерді түсінуге және олармен дұрыс басқаруды үйретеді. Қызықты оқиға мен жарқын иллюстрациялар арқылы бүлдіршін өз эмоцияларын тануды, оларды еркін жеткізуді және өзіне деген сенімділікті қалыптастыруды үйренеді.
Кітап ата-аналарға баламен бірге эмоциялар туралы әңгімелесуге, түрлі өмірлік жағдайларды талқылауға және баланың өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінуіне көмектеседі. Бірге оқу бала мен ата-ана арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтып, эмоционалдық интеллектінің дамуына ықпал етеді.
Ерекшеліктері:
-мектеп жасына дейінгі балаларға түсінікті әрі жеңіл тілде жазылған;
-ұялу мен қысылу сезімдерін жеңуге көмектеседі;
-жарқын әрі тартымды иллюстрациялар;
-өмірлік жағдайларға негізделген қызықты оқиға;
-сапалы қағаз және берік мұқаба;
-ата-анамен бірге оқуға өте қолайлы.
-Эмоционалдық интеллектіні; өз сезімдерін түсіну және жеткізу қабілетін;
-Өзіне деген сенімділікті; қарым-қатынас жасау дағдыларын;
-Мөйлеу тілін, зейінін және қиялын.
«Ұялғанда қайтпек керек?» – балаға өз эмоцияларын дұрыс қабылдап, оларды басқаруды үйрететін, жаңа ортада өзін еркін әрі сенімді сезінуге көмектесетін пайдалы кітап.