Қозғалмалы бөліктері бар «Пицца пісірейік!» ойын кітабы
Қозғалмалы бөліктері бар «Ферма» кітабы кітап оқу процесін жандандыра түседі!
«Шұбар тауық» — бір жастан асқан балаларға арналған қозғалмалы бөліктері бар кітап.
— Сүйікті ертегіні жандандырып жіберіңіздер: ұяшықтарын ашып, кейіпкерлерін қозғалтып, бөліктерін айналдырыңыздар.
— Кітаптың беттері қалың, қатты картоннан жасалып, жиегі жұмырланған – кішкентайлардың қолына ыңғайлы әрі қауіпсіз.
— Түстері жарқын, үлкен иллюстрацияларды балалар жеңіл қабылдап, тез түсінеді.
— Баланың қол моторикасын, тілін, зейіні мен ой-қиялын дамытады.
— 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға оқып беруге болады – сәбилерге де, бүлдіршіндерге де ұнайтыны анық!
Осы қауіпсіз, әдемі әрі қызық кітапты оқып, кітап әлеміне қаз-қаз қадам басыңыздар!
«Тіс жуамыз!» кітабы – күнделікті таза жүруді әдетке айналдыруға көмекші құрал бола отырып, балаларды гигиена тақырыбымен таныстыратын кітап.
Кітаптың ерекшеліктері:
· Қозғалмалы бөліктер кітап оқуды қызық бір ойынға айналдырады — бала «тісін өзі жуып», краннан су ағызып, қолын жуып, кептіруді үйренеді.
· Балақай қыңырлық танытпай, күн тәртібіне ойнай жүріп бейімделеді.
· Бала түсі қанық, жарқын иллюстрацияларды қызықтап қарайды. Ал Жан мен Адель деген сүйкімді кейіпкерлер кішкентай оқырмандарға тісті қалай, қанша уақыт жуу керек екенін, қандай қимылдар істеу керек екенін көрсетеді.
· Тақпағы да, қара сөзбен жазылған мәтіні де бар – тез жатталып, есте оңай сақталады.
· Гигиена дегенді енді ұғып келе жатқан кішкентай балақайларға да оқып беруге болады.
· Кітап қалың, қатты картоннан жасалған – парақтап қарауға, қолға ұстауға ыңғайлы.
«Алғашқы эмоциялар» — ішінде айнасы мен қозғалмалы бөліктері бар тосын сый-кітапша.
«Алғашқы эмоциялар» — ішінде айнасы мен қозғалмалы бөліктері бар тосын сый-кітапша.
«Ұйқыға дайындалайық!» — ұяшықтары мен қозғалмалы бөліктері бар кітап.
Балақайлар бұл кітапты оқи отырып, өз сүйікті кейіпкерлерімен бірге күн тәртібіндегі кешкі әдеттерге дағдыланады.
Кітаптағы Жан мен Адель деген тәртіпті бүлдіршіндер оқырмандарға ұйқыға қалай дайындалу қажет екенін көрсетеді.
Кітаптың маңызы:
✔ Пердені жауып, пижама киіп, жарықты сөндіріп жатуды үйретеді
✔ Ұйықтар алдындағы әдеттерге байыппен бейімдейді
✔ Қозғалмалы бөліктері кітап оқуға қызықтырады
✔ 1 жастан 4 жасқа дейінгі балақайларға арналып қалың картоннан жасалған қауіпсіз кітап
Жатарда қуаныш сыйлайтын, тәтті ұйықтап, жақсы тынығуға көмектесетін кітап – осы. Енді балаларыңыз ұйқыға қуана-қуана дайындалады!
Яркая и увлекательная раскраска с карандашами — отличный способ познакомить ребёнка с миром творчества и цветов. В комплект входят простые сюжеты, крупные изображения и набор цветных карандашей — всё, что нужно для весёлого и полезного досуга.
Особенности:
Подходит для детей от 3 лет
В комплекте 6 цветных карандашей
Простые и добрые иллюстрации, идеально подходящие для первых шагов в рисовании
Развивает мелкую моторику, воображение и усидчивость
Идеально для первых творческих занятий дома, в детском саду или в дороге.