«Көңілді түймешіктер. Қызыққа толы қала» – ойнап отырып оқимыз!
Оқуды қайтсек қызық, жеңіл әрі есте қаларлық қыламыз? Оны ойынға айналдырып жіберсек болғаны!
Қызыққа толы қалада балаңыз:
-Түймешіктерді басып, бағдаршам мен көліктердің түстерін ажыратады!
-Көпіршік тәрізді түймешіктерді басып, үйлердегі пішіндерді іздейді!
-Қарама-қайшылықтарды тауып, түймешіктерді екі қолымен басып ойнайды!
-Тоғандағы балықтарды санайды!
-Шамдарды жағып, әріп таниды!
-Ойын түрінде оқыту – түймешіктерді бас, көпіршіктерді ұстап көр, оқы да, ойна!
-Тіл дамыту – көңілді өлең жолдары тіл байлығын арттырады!
-Қол моторикасы дамиды – көпіршік пішіндес түймешіктер баланың саусақтарын жаттықтырады!
Балақай көңілді тақпақтар, жарқын суреттер, көпіршік-түймешіктерге қызығып, қуана кітап оқиды!