Үлкен тактильді кітап. Жануарлар
«Алғашқы эмоциялар» — ішінде айнасы мен қозғалмалы бөліктері бар тосын сый-кітапша.
Тосын сыйы неде дейсіз ғой?
Әр айқарма бетінде жаңа бір қызық бар – қозғалатын бөліктерді тартып, айналдырып, ашып, жылжытып ойнауға болады! Балақай осы кітаптың кейіпкері марғаудың көңіл-күйі қалай құбылатынын байқап, бақылап, эмоцияларды ажыратуды үйренеді.
Кітаптың соңғы беті тіптен ерекше — айнасы бар! Кішкентай оқырман айнадан өзін көріп, қуану, ашулану, мұңаю сияқты түрлі көңіл күйін көрсете алады, сол арқылы өз сезімдерін түсіне бастайды.
Кітап:
• 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған;
• баланың эмоциялар, сезімдер және жанашырлық туралы алғашқы кітабы болады;
• эмоциялық интеллектісін, тілі мен зейінін дамытады.
Ата-аналар бұл кітапты неге таңдайды:
- Қалың картон – қолға ұстауға ыңғайлы;
- Үлкен, көркем, көздің жауын алатын иллюстрациялар;
- Ең кішкентай оқырмандарға да қауіпсіз элементтер;
- Механизмі берік – ұзаққа жарамды!
Кітап адамның ішкі сезімдері туралы әңгімені бастауға алғашқы қадам болады. Оған қоса, бұл – тебірентер әрі пайдалы сыйлық!
COCOBOOK. Алғашқы бетін ашқанда-ақ баурап алатын кітаптар.
«Ку-ку! Жасырынбақ ойнаймыз!» — ішінде айнасы мен қозғалмалы бөліктері бар тосын сый-кітапша.
· 1 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға арналған интерактив кітап;
· Марғау шөп ішін, гүлдер арасын кезіп, ағаштың басына көз тастап, өзіне дос іздейді – кітаптың әр бетінде біреу жасырынып тұрады;
· Соңғы бетінде марғау өзі тығылып қалады, ал ұяшықты ашып қалған балақай… айнадан өзін көреді!
Кітаптың әр бетінде қозғалмалы бөліктер, жеңіл ұйқасты тақпақтар, жасырынбақ форматындағы көңілді ойын, «Өзіңді өзің таны» ойнына арналған айна бар.
Балаға пайдасы:
· Тілі мен зейіні дамиды
· Ойнап, әсер алады
· «Сәлем! Сен кімсің?», «Жүр, ойнайық!» деуді үйреніп, қарым-қатынас машығы жақсарады
· Достық ұғымын, дүниені тану туралы алғашқы кітабы болады
Беттері қалың картоннан жасалған, механизмі қауіпсіз. Кітап оырманға бірден ұнайтын әдемі де жарқын иллюстрациялардан тұрады. Бір жастан асқан балаларға оқып беруге болады.
COCOBOOK. Алғашқы бетін ашқанда-ақ баурап алатын кітаптар.
Көңілді түймешіктер. Қызыққа толы қала
Интерактивті кітапша "Жүр, серуендейік!"
Ұяшықты үлкен фотокітап. Менің алғаш білгенім
Қайырлы түн! Интерактивті картон кітапша
Балабақшаға күлімсіреп бар! Әсерлі ертегілер. Тактильді кітап
Қызыл Телпек. Тактильді бөліктері бар сүйікті ертегілер
Ұйықта, бөпем! Әлди-әлди. Үлпілдек беттер. Тактильді кітап
Көлік. Сипайық - көрейік. Тактильді кітап
Крошкин пазл: Көкөністер (Овощи)
Книжка-пазл на казахском языке.
Эта серия книжек-пазлов предназначена для самых маленьких исследователей окружающего мира. Зверушки, машинки, овощи и фрукты выглядывают из-за обложки книжки, чтобы рассказать о себе малышу. Прослушав весёлые стихи, ребенок сможет собрать красочный пазл из страничек книжки.