«Алғашқы эмоциялар» — ішінде айнасы мен қозғалмалы бөліктері бар тосын сый-кітапша.
Тосын сыйы неде дейсіз ғой?
Әр айқарма бетінде жаңа бір қызық бар – қозғалатын бөліктерді тартып, айналдырып, ашып, жылжытып ойнауға болады! Балақай осы кітаптың кейіпкері марғаудың көңіл-күйі қалай құбылатынын байқап, бақылап, эмоцияларды ажыратуды үйренеді.
Кітаптың соңғы беті тіптен ерекше — айнасы бар! Кішкентай оқырман айнадан өзін көріп, қуану, ашулану, мұңаю сияқты түрлі көңіл күйін көрсете алады, сол арқылы өз сезімдерін түсіне бастайды.
Кітап:
• 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған;
• баланың эмоциялар, сезімдер және жанашырлық туралы алғашқы кітабы болады;
• эмоциялық интеллектісін, тілі мен зейінін дамытады.
Ата-аналар бұл кітапты неге таңдайды:
- Қалың картон – қолға ұстауға ыңғайлы;
- Үлкен, көркем, көздің жауын алатын иллюстрациялар;
- Ең кішкентай оқырмандарға да қауіпсіз элементтер;
- Механизмі берік – ұзаққа жарамды!
Кітап адамның ішкі сезімдері туралы әңгімені бастауға алғашқы қадам болады. Оған қоса, бұл – тебірентер әрі пайдалы сыйлық!
COCOBOOK. Алғашқы бетін ашқанда-ақ баурап алатын кітаптар.