«Түнде ояу жатқан кім?!» кітабы – балаға ұйықтар алдында оқып беруге таптырмас кітап!
-Балаңыз ұйықтағысы келмей ме?
-Күні бойы белсенді болған соң, түнде эмоциясы арнасынан асып жатыр ма?
-Тағы бір ертегі оқып беруіңізді өтіне ме?
Ендеше бұл кітап – баланың тыныш ұйықтауына қолайлы көмекші!
Балақай марғаулармен бірге түнгі серуенге шығып, борсық, үкі, кірпі және түнде жортатын басқа да жануарлармен танысады.
Балаңыз ұйқасты тақпақтар, көркем иллюстрацияларға қызығып, қыңырлық танытпай көніп, ептеп ұйқыға кетеді.
Неліктен бұл кітап сатып алуға тұрарлық?
✔ Ақырын, байыппен баяндасаңыз, ұйықтар алдында тынығуға сеп болады.
✔ Танымы кеңейеді – бала түнде қай жануарлар ұйықтамайтынын біліп алады.
✔ Тіл дамытып, ақпаратты есту арқылы қабылдауға баулиды – бала тақпақтарды қайталап, оңай жаттап алады.
✔ Отбасылық дәстүр қалыптастырады – жатарда кітап оқу ата-ана мен баланы жақындастыра түседі.
Себетке салып, сатып алыңыз – балаңыз жайлы жатып, жақсы тұрсын!