«Тілашар. Былдыр буын» – тілі шығып келе жатқан балақайларға арналған картон кітап.
Бұл кітапшада балаңыздың тілі шыға бастағанда септігін тигізетін күлкілі әрі пайдалы 14 тақпақ бар.
Әр бетіндегі ұйқасты қос тармақ тақпағы, әдемі суреттері, кейіпкерлердің іс-әрекеті мен тақырыптары кішкентайларға өте таныс.
Ата-анасы оқып берген тақпақтарды тыңдап, қайталап айту арқылы балақайдың сөздік қоры толығып, дыбыстарды анық айту және есте сақтау қабілеті дамиды. Кішкентай пішімі арқасында кітапты алып жүру ыңғайлы, ал қалың картон парақтары ұзаққа шыдамды әрі қауіпсіз.
Кітаптың ерекшеліктері:
• Тілі жаңа шығып келе жатқан балаларға арналған;
• 14 күлкілі әрі пайдалы тақпақ бар;
• баланың зейінін, жады мен сөздік қорын дамытады;
• Көркем, жарқын иллюстрациялармен безендірілген;
• Қалың, қатты картоннан жасалып, жиегі жұмырланған – бала ыңғайлы әрі қауіпсіз.
Бұл кітап – балақайдың әр күнін шат күлкі мен жаңа сөзге толтыратын алғашқы тілашар болмақ!
COCOBOOK. Алғашқы бетін ашқанда-ақ баурап алатын кітаптар.
Производитель:
Puppypal printing Ltd