Өзеннің арғы бетінде жаңа базар ашылады. Құлыншақ таңертең ояна сала, базарға барып, жаңа піскен жеміс-жидектердің дәмін татуға аңсары ауады. Жолда оған Қошақан, Торай, Мекиен, Бұзауқан кездесіп, өздерін бірге ала кетуді сұрайды. Барлығы Құлыншақтың арқасына мініп алып, өзеннен де өтеді.
«Тарпылдақ», «Мен мықтымын!», «Көңілді тамшылар» сияқты кітаптарымен танымал доминиканалық балалар жазушысы Анья Дамирон және суретші Пабло Пино кішкентай оқырмандарды кітап кейіпкерлерімен бірге қызықты сапарға шақырады.