Білуге ұмтылу – қоршаған ортаның, әлемдегі бізге беймәлім құбылыстардың құпия сырларын ашуға талпыну деген сөз. Жан-жақты болуға құштарлық әрбір адамның бойынан табылады. Әсіресе, балалардың көп нәрсені білмекке ынта-жігері шексіз. Осы орайда өзіміз өмір сүріп отырған әлемді танып-білгісі келетін ынтызар балалардың білуге деген құштарлығын қанағаттандыру мақсатымен «Аруна» баспасы «Қызықты деректер» топтамасын ұсынып отыр.
Сан саланы қамтитын бұл топтамаға енген кітаптардан жеткіншектер көкейіндегі көптеген сұрақтарына жауап табады деген үміттеміз. Қолдарыңыздағы энциклопедия теңізді мекендеушілер мен бауырымен жорғалаушылардың тұрмыс-тіршілігімен таныстырады, яғни олар жайында қызықты деректер береді.
Кітапта динозаврлардың эволюциясы мен олардың ағзасының қызметі және анатомиялық ерекшеліктері жайлы сөз болады. Сондай-ақ динозаврлардың 50-ден аса түрі таныстырылған, оның ішінде трианнозавр, жираффатитан, сонымен қатар кейінгі археологиялық олжа – насутоцератопс та бар. Ықшамды да мазмұнды сипаттамалардың арқасында жас оқырмандар динозавр түрлерінің ерекшеліктері, қазба жұмыстары және мезозой дәуірінде ғаламшарымызды жайлаған осы бір омыртқалы жануарлар қалдықтарының зерттелуі туралы көптеген қызықты мәліметтер алады. |