«Айтқызбай аңғар!» – отбасына және достарға арналған шағын да көңілді ойын. Жинақта 28 карта, 140 сөз берілген – соларды түсіндіру қажет. Бірақ сөзді айтуға болмайды – тек ишара, мимика немесе іс-қимыл арқылы аңғартасыз! Бұл ойын ой-қиялды, қарым-қатынас машықтарын дамытып, бірден көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Қорабы шағын болғандықтан, ойынды жолға, мерекеге немесе қонаққа алып жүруге ыңғайлы. Ережесі оңай да қарапайым, балалар мен ересектер бірге ойнай алады.
Отбасылық кештерге, мектептегі үзілістерге және достармен бас қосатын кез келген сәтке тамаша таңдау!
Құм кереметтері. Көңілді корги. Фреска
Құм кереметтері. Скейт мінген панда. Фреска
«Скейт мінген панда» құм фрескасын жасап, көңілді шытырманға аттаныңыздар! Жинақта түрлі-түсті құм мен бояу барысын қызық процеске айналдыратын жарқын сурет бар.
Бала скейт теуіп жүрген панданың суретін түрлі-түсті құммен толтырып, әсерлі әрі көз тартарлық көрініс жасайды. Мұндай ермек қол моторикасын, зейінді және ой-қиялды дамытады, ал дайын жұмыс бөлмені безендіретін сәнді әшекейге немесе жақындарға арналған сыйлыққа айналады.
3 жастан асқан балаларға арналған.
«Сәнді қаз» сиқырлы скретчі
Түстер. Цвета. Colours. Книжка-картонка на трёх языках
Бұл – білімпаз балақайларға арналған, үш тілде жазылған жарқын кітапша!
Сәби түс танып, салыстырып, сәйкестендіруді және оларды атай білуді үйренеді. Түстердің атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде меңгереді.
Беттері қалың және суреттері үлкен, сондықтан кітап ұстауға ыңғайлы, парақтауға жеңіл.
Балақайдың зейінін, тілін, есте сақтау қабілетін және әсемдікке деген талғамын дамытады.
Ішінде:
· 7 түсті 14 түрлі зат бейнеленген;
· Олардың атаулары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған.
Пайдасы:
· Баланың тілін, зейінін және жадын дамытады;
· Ерте жастан шет тілін үйренуге баулиды.
Сапасы:
· Кітаптың беттері қалың, қатты картоннан жасалып, жиегі жұмырланған – кішкентайлардың қолына ыңғайлы әрі қауіпсіз;
· Түсі қанық, көз тартар суреттер;
· 1 жастан асқан балаларға арналған.
Бауырсақ. Алақандай кітапша
Қызыл телпек. Алақандай кітапша
Шұбар тауық. Алақандай кітапша
Бұл қарапайым, тілге жеңіл әрі түсінікті ертегі көпшілікке бала кезден таныс. Ертегідегі қайталанып келетін сөздер мен ырғақты сөйлемдер арқылы балақай ой-қиялын, тілін, ақпаратты есту арқылы қабылдау және есте сақтау қабілеттерін дамытады.
«Алақандай кітапша» сериясы – ең кішкентай оқырмандарымызға арналған ерекше топтама. Ондағы ертегілер жүрекке жылы сезім ұялатады және баланы елітіп әкетеді. Кітапшаның шағын пішімі ұстауға да ыңғайлы.
Кітаптың ішінде:
· Қарапайым, есте қаларлық мәтін;
· Түсі қанық, әдемі суреттер бар.
Пайдасы:
· Баланың тілін, зейінін және қиялын дамытады;
· Балаларды халық ертегілерімен таныстырады;
· Жақындарға жанашыр болуды үйретеді.
Сапасы:
· Беттері қалың картоннан жасалған;
· Бұрыштары жұмыр және балаға қауіпсіз.
COCOBOOK. Алғашқы бетін ашқанда-ақ баурап алатын кітаптар.
«Көңілді құлыншақ» сиқырлы скретчін жасап, шығармашылық әлеміне бойлаңыздар! Сүйкімді кейіпкер бейнеленген жарқын да заманауи иллюстрация баланың қиялына қанат бітіреді, ал пішімі үлкен болғандықтан, ұсақ бөлшектерді бояп, әсерлі суреттер жасап, өз хикаяларын ойлап таба алады.
Жинақта арнайы стилус бар – балақай соны пайдаланып, қара түсті қабатты өшіріп, астындағы түрлі-түсті, бояуы қанық суретті ашады. Бұл ермек баланың қол моторикасын, зейінін және ой-қиялын дамытады, үйде де, жолда да жасауға ыңғайлы, сыйға беруге де тамаша!
«Ерке пингвин» сиқырлы скретчін жасап, шығармашылық әлеміне бойлаңыздар! Шағын, бірақ әсері мол формат сүйкімді пингвин жайлы түрлі хикаялар ойлап табуға мүмкіндік береді.
Жинақта арнайы стилус бар – балақай соны пайдаланып, қара түсті қабатты өшіріп, астындағы түрлі-түсті, бояуы қанық суретті ашады. Бұл ермек баланың қол моторикасын, зейінін және ой-қиялын дамытады. Үйде де, жолға шыққанда да, қонаққа барғанда да алып жүруге ыңғайлы, біраз уақыт ермек етуге таптырмас таңдау әрі сыйлыққа да тамаша!
Расслабься и твори с Арт-релакс Скретчинг «Праздник в Арктике»! Маленький формат удобно брать с собой в дорогу, а скретчинг превращает создание картин в увлекательное и спокойное занятие.
Яркие арктические пейзажи, милые животные и праздничные детали оживают, когда ребёнок стирает чёрный слой и открывает сияющие цвета, развивая творческое мышление, моторику и усидчивость.
Особенности:
Погрузитесь в атмосферу зимней сказки с песочной фреской «Зимний друг»! Главный герой — милый снегирь, оживающий на бумаге благодаря цветному песку с необычной текстурой.
Этот набор превращает простое творчество в волшебное, яркое и тактильно приятное занятие, развивающее моторику, внимание и воображение. Отличный способ провести время дома или подарить радость на праздник.
«Қысқы дос» құм фрескасын жасап, қысқы ертегі әлеміне аттаныңыздар! Мұндағы басты кейіпкер — түрлі-түсті құм сепкенде жандана түсетін сүйкімді бозшымшық.
Құм фресканың негізіне оңай жабысады, ал дайын жұмыс жарқырап, көлемді әрі әсерлі суретке айналады. Бұл ермек баланың қол моторикасын, зейінін және ой-қиялын дамытады, үйде айналысуға да, мерекеде сыйға тартуға да тамаша!
«Түсіндір де, тауып көр!» ойынын ойнап, қыс қызығына кенеліңіздер! Қыс мезгіліне қатысты сөздер мен тапсырмалар жазылған көңілді карталар отбасына арналған әсерлі ермекке айналады.
Ойын зейінді, тапқырлықты және жақындармен жақсы қарым-қатынас орнату машықтарын дамытады, ал шағын пішімі оны үйде де, жолға шыққанда да ойнауға ыңғайлы етеді. Бұл – мереке күндері достар мен жақындарыңыздың басын қосып, уақытты көңілді өткізуге тамаша себеп!